Эбола вирусынан 67 жастағы әйел қайтыс болды

Фотография - Эбола вирусынан 67 жастағы әйел қайтыс болды

Эбола індеті Сьерра-Леоне тұрғындарын тағы да алқымнан алатын түрі бар. Елдің солтүстік-батысындағы Кафта елдімекенінде 67 жастағы қарт ана қайтыс болды.

366 0

Эбола індеті Сьерра-Леоне тұрғындарын тағы да алқымнан алатын түрі бар. Елдің солтүстік-батысындағы Кафта елдімекенінде 67 жастағы қарт ана қайтыс болды. Қауіпті вирустың құрбаны үйінде жатып емделмек болған екен. Індеттің қайта тарай бастаған себебі сол, - дейді дәрігерлер. Соған орай, осы өңірде тағы да Эбола вирусына қарсы екпе жұмыстары жанданбақ. Естеріңізде болса, қара құрлықта бұл кесел былтыр ақпан айында пайда болып, алдымен Гвинея елінің берекесін қашырған болатын. Сонан соң ол лезде көршілес Сьерра-Леоне мен Либерияға ауысып, жағдайды тіпті ушықтырып жіберді. Содан бері осы 3 мемлекетте 11 мың 145 адам Эбола вирусының құрбанына айналды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!