Үндістанда танымал қазақстандық жаттықтырушыны сексуалдық азғындық көрсетті деп айыптады

Фотография - Үндістанда танымал қазақстандық жаттықтырушыны сексуалдық азғындық көрсетті деп айыптады

Үндістанда Қазақстанның оқпен ату бойынша ұлттық командасының бұрынғы жаттықтырушысы Станислав Лапидусты сексуалдық азғындық көрсетті деп айыптады.

222 0

Үндістанда Қазақстанның оқпен ату бойынша ұлттық командасының бұрынғы жаттықтырушысы Станислав Лапидусты сексуалдық азғындық көрсетті деп айыптады. Бұл туралы nur.kz хабарлайды.
Лапидус Үндістанда үнділік атқыш спортшыларды жаттықтырады. Zeenews.india.com алты үнділік спортшы бойжеткендердің Лапидусты сексуалдық азғындық көрсетті деп айыптағанын жазды.

Бірінші арызды кәсіби атқыш Анджали Бхагват берген. Кейін тағы бес атқыш қыздар қосылған. Арыз Үндістан спортшылары Ұлттық атқыштар қауымдастығының комиссиясымен қаралды.

"Біз барлық спортшылардың сөздерін тыңдап, жазып алдық. Олардың жаттықтырушымен туындаған жанжалдары өткен отырыста айтылды", – дейді комиссия мүшелері. Екі күн бойы алдын-ала баяндама жасалып, Комиссия оны Үндістан спортшылары Ұлттық атқыштар қауымдастығына табыстайды.

Сол арада Dnaindia.com Атқыштар қауымдастығының басшысы Раниндер Сингхтің коучты жақтап отырғанын жазды. Басшының сөзіне сенсек, "іс әдейі ұйымдастырылып, атқыштар қасақана жазықсыз кәсіби жаттықтырушыға жала жабуда".

"Лапидустың қазіргі уақытта ұнжырғасы түсіп кеткен. Ол тіпті қызметінен кетпек болды, алайда біз оны бұл ісі асығыстық болатынына сендірдік", – дейді Сингх.

Еске салсақ, Лапидус Қазақстанды тастап, Үндістанға кетеді. Сол жерде Лондондағы Олимпиадаға дейінгі мерзімге келісімшартқа отырады. Қазақстанда жұмыс істеген жаттықтырушының спортшылары 2006 жылы Дохада 18 медаль еншілеген болатын.

Үндістан Лапидустың қоластындағы үнділік Гаган Наранг 2012 жылғы ойындарда пневматикалық қарудан ату бойынша бронза жүлдесін иеленгеннен кейін онымен келісімшартқа отырған. Ақыры олар Лапидуспен Рио-2016 Олимпиадасына дейін жұмыс істеуге бел буған.


Тегтер:

Үндістан

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!