Будапешт вокзалында босқындар мен полиция қақтығысы орын алды

Фотография - Будапешт вокзалында босқындар мен полиция қақтығысы орын алды

Венгрия астанасы Будапештте мигранттар мен полиция қызметкерлерінің арасында қақтығыс орын алды. Венгрия билігі бұған дейін босқындардың Германияға аттанатын пойызға отыруына тыйым салған болатын

693 0

Венгрия астанасы Будапештте мигранттар мен полиция қызметкерлерінің арасында қақтығыс орын алды. Венгрия билігі бұған дейін босқындардың Германияға аттанатын пойызға отыруына тыйым салған болатын. 

Полиция төбелес шығарған жас мигранттарды ұстап, елдің шығысындағы уақытша ұстау орталықтарына алып кетті деп хабарлайды BBC News.

Босқындардың айтуынша, олар Батыс Еуропаға аттану үшін мыңдаған долларға билеттер сатып алған. Алайда, Венгрия билігінің шығарған шешімі бұл қаражатты желге ұшырды. Осыған наразылық білдірген топ Келети вокзалының алдында қарсылық акциясын өткізуде.

Венгрия билігі болса өз қадамдарын заң шеңберінде жасағанын айтып отыр. Еуроодақ елдерінің барлығы қол қойған Дублин келісімінде көрсетілгендей, кез-келген босқын саяси баспананы Еуроодаққа келген бірінші елден сұрауы тиіс.

Айта кетейік, бұған дейін мигранттар Францияның Кале қаласында наразылық ұйымдастырған болатын. Олар Париж бен Лондон арасындағы темір жолды бөгеп, екі ел арасында қатынайтын пойыздарды тоқтатып тастады.

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!