Өзбекстанның химиялық зауытында жарылыс болды

Фотография - Өзбекстанның химиялық зауытында жарылыс болды

Өзбекстанның Навои облысында орналасқан "Навоиазот" химиялық зауытында жойқын жарылыс болды.

226 0

Өзбекстанның Навои облысында орналасқан "Навоиазот" химиялық зауытында жойқын жарылыс болды. Аталған кәсіпорын аммиак пен карбамид шығарумен айналысады.

Жарылыс кеше таңертеңгі сағат тоғыздар шамасында аммиак шығаратын цехта орын алған. Салдарынан бір қызметкер басынан, екіншісі иығынан ауыр жарақат алған.

Сондай-ақ, зауыттың техникалық қондырғыларының жартысы істен шықты. Оқиға орнында өрт сөндірушілермен бірге құқық қорғау органдарының мамандары жұмыс істеуде.

Айта кетейік, 2013 жылдың шілде айында да дәл осы зауытта жарылыс болған еді. Ол кезде 2 адам қайтыс болып, 15 адам жарақат алған. 

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!