Небәрі 3 жастағы босқын сәбидің өлімі Еуропаны дүр сілкіндірді

Фотография - Небәрі 3 жастағы босқын сәбидің өлімі Еуропаны дүр сілкіндірді

Отбасымен бірге Грекияға қашпақ болған кезінде суға батып кеткен сириялық сәбидің фотосы еуропалық ірі басылымдардың бірінші бетінде жарияланды

205 0

Отбасымен бірге Грекияға қашпақ болған кезінде суға батып кеткен сириялық сәбидің фотосы еуропалық ірі басылымдардың бірінші бетінде жарияланды.

 Reuters агенттігінің фотографы Нилуфер Демир түріктің Бодрум  қаласына жақын жағажайда жансыз жатқан  үш жастағы Айлан Курдиді түсірген. Бұл  жантүршігерлік оқиға Еуродақтағы көші-қон проблемасы жайлы пікірталасты одан әрі өршітті.

Бүлдіршін әке-шешесімен, бірнеше ондаған сириялық босқындармен бірге  грекиялық Кос аралына жетпек болған. Бірақ қайық аударылып, салдарынан 11-ден астам адам, ішінде Айлан, оның бес жастағы ағасы Галип және анасы ажал құшқан.

Жағада жатқан баланың суреті еуропа елдерінің билік басындағылардан өз еліндегі азаматтық соғыстан қашқан сириялықтарға көптен бері көмек көрсетуді талап етіп келе жатқан  белсенділер мен құқық қорғаушылардың ашу-ызасын туғызды.

Британдық The Independent газеті 2 қыркүйектегі редакциялық материалында  осы түсірілімді бірінші бетінде жариялап, босқындарға тиісті көмек көрсету шараларын талап еткен.

"Егер осы  сұмдық фотография,  жағалауға шығып қалған сириялық баланың өлімі Еуропаның босқындарға деген қатынасын өзгертпесе, басқа не өзгерте алуы мүмкін?" деген сауал тастайды мақала авторлары.

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!