Йеменде жарылыс салдарынан БАӘ-нің 45 әскери қызметшісі қаза тапты

Фотография - Йеменде жарылыс салдарынан БАӘ-нің 45 әскери қызметшісі қаза тапты

Йеменде жарылыс салдарынан Біріккен Араб Әмірліктерінің 45 әскер қызметшісі көз жұмды.

215 0

Йеменде жарылыс салдарынан Біріккен Араб Әмірліктерінің 45 әскер қызметшісі көз жұмды.

"Уакаллят Анбаа аль-Эмарат" БАӘ мемлекеттік ақпараттық агенттігі сарбаздар қару-жарақ қоймасында оқ-дәрілердің кездейсоқ жарылуынан қаза тапқанын хабарлады. Әзірге басқа ақпарат   жоқ.

Сауд Арабиясы мен басқа араб мемлекеттерінің коалициясы ағымдағы жылдың наурызынан бастап Йемен ауданында әскери науқанды бастады. Одақтастар  Йеменнің шеиіт қауымы «Аңсар Алла» қозғалысының жақтастарымен айқасуда. Олар Ираннан әскери-материалдық көмек алуы мүмкін.

Араб БАҚ-тары ақпаратына сүйенсек, қазір коалиция Йеменге әуе соққыларынан ішінара жерүсті опарцияларына көшкен. Болған жарылысқа дейін Йемен астанасы - Санада әмірліктің бес сарбазы қаза тапқан болатын.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!