Александр Лукашенко Беларусь президенттігіне кандидат ретінде құжаттар тапсырды

Фотография - Александр Лукашенко Беларусь президенттігіне кандидат ретінде құжаттар тапсырды

Беларусь орталық сайлау комиссиясына ел президенттігіне кандидат ретінде бес үміткердің құжаты тапсырылды.

120 0

Беларусь орталық сайлау комиссиясына ел президенттігіне кандидат ретінде бес үміткердің құжаты тапсырылды, деп хабарлады БЕЛТА.

Тіркеуге Татьяна Короткевич, Сергей Гайдукевич, Николай Улахович құжаттар тапсырды. Бүгін қазіргі президент Александр Лукашенконың құжаттары ұсынылды. Сондай-ақ қажетті 10 мың сенімді қолтаңба жинай алмаған Виктор Терещенко да құжат тапсырды.

Тіркеу кезеңіне нақты төрт әлеуетті кандидат тіркелгені қол қою парағын тексеру нәтижелерін жариялағаннан кейін белгілі болды. Александр Лукашенконы қолдап қол қойғандардың саны 1 753 380 (1 761 145 тапсырылған), Николай Улаховичті  - 149 819 (159 805 тапсырылған), Сергей Гайдукевичті  - 139 877 (141 842 тапсырылған) , Татьяна Короткевичті - 105 278 (107 299 тапсырылған) адам қолдап қол қойған.

Сайлау комиссиясы  келесі кезеңде жоғары мемлекеттік  орынтаққа үміткерлерді тіркейді, оны ОСК 11 қыркүйекте сайлау алды үгіттеу мен насихаттың толық кезеңін бастау үшін 10 қыркүйекте өткізуді жоспарлауда.   БАҚ-қа өз бағдарламаларын жариялағаннан басқа үміткерлердің 14-25 қыркүйек аралығында  "Беларусь" арнасынан тегін сөз сөйлеуге мүмкіндіктері бар.  Бұдан басқа, үміткерлерге жұмыс күндері 21 қыркүйек - 2 қазан аралығында радиода сөз сөйлеуге  уақыт беріледі.

Теле пікірсайыс 3 қазанда өтеді.

Беларусьте президенттік сайлау 11 қазанға белгіленген.   



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!