683

Сирияда негізгі қала Мареа үшін шайқас жүріп жатыр

Сенбіде Сирия солтүстігіндегі Мареа қаласында сириялық оппозиция күштері мен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы арасындағы қақтығыстан 47 адам қаза тапты.
Фотография - Сирияда негізгі қала Мареа үшін шайқас жүріп жатыр

Сенбіде Сирия солтүстігіндегі Мареа қаласында сириялық оппозиция күштері мен "Ислам мемлекеті"  экстремистік тобы арасындағы қақтығыстан 47 адам қаза тапты, деп жазады Би-би-си.

"Сирия адам құқықтарын бақылайтын тәуелсіз құқық қорғау ұйымы" ИМ содырлары 27 адамды өлтіргенін хабарлады.

Мареа қаласы Түркия шекарасына жақын орналасқан. Бұдан бұрын АҚШ пен Түркия оны "Ислам мемлекетіне" қарсы  қорғанға айналдыруды жоспарлағанын мәлімдеген.

Шілдеде АҚШ ИМ Мареаға шабуыл кезінде химиялық қару қолданғанын хабарлады.

АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі Би-би-сиге қыша газы қолданылған болуы мүмкін екенін айтқан. АҚШ билігі тергеу жүргізуде, әзірге мұның  егжей-тегжейін ашпады.

 

Загрузка...