Бразилияда үндістер мен фермерлер жерге таласуда

Фотография - Бразилияда үндістер мен фермерлер жерге таласуда

Бразилияның батысында Мату-Гроссу штатының Дурадина округінде гуарани үндістері жергілікті фермерлердің шабуылдағанын айтып, прокуратураға шағым түсірді.

327 0

Бразилияның батысында Мату-Гроссу штатының Дурадина округінде гуарани үндістері жергілікті фермерлердің шабуылдағанын айтып, прокуратураға шағым түсірді. Үндістердің айтуынша, бейсенбі күні түстен кейін фермерлер 30 шақты көлікпен олардың аумағына басып кіріп, атыс ұйымдастырған, тұрғындар қашып, орманды паналауына тура келген. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Үндістер фермерлерді заңсыз қарулы топ құрғаны үшін айыптауда.

22 тамызда мыңдаған гуарани бес ранчоны басып алған. Фермерлер өз меншіктерін күшпен алып, кепілге алынған адамдарды босатқан. Бұл ретте бұрынғы көсем Семайо Вилхальва қаза тапты.

Үндістер Бразилия елінің астанасында президенттік сарай алдында наразылық акциясын өткізді.

Билік Дуардина округіне әскер бөлімшесін жіберуде.

Үндістер бұл жерді өздеріне бабалары аманаттаған деп санайды. Байырғы халық істері жөніндегі ұлттық басқарма олардың талабымен танысты, алайда фермерлер сотта жеңіп шықты.

Мату-Гроссу штаты мал шаруашылығы мен соя өсіретін негізгі өңір болып табылады, бұл жерде фермерлер мен үндістер арасында қақтығыс жиі орын алады.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!