Кишинев қаласында мыңдаған адам биліктің отставкаға кетуін талап етті

Фотография - Кишинев қаласында мыңдаған адам биліктің отставкаға кетуін талап етті

Молдава астанасы Кишинев қаласында мыңдаған адам президенттің отставкаға кетуін және мерзімінен бұрын парламент сайлауына 2016 жылдың наурыз айынан кешіктірмей өткізуді талап етіп, митингіге шықты.

272 0

Молдава астанасы Кишинев қаласында мыңдаған адам президенттің отставкаға кетуін және мерзімінен бұрын парламент сайлауына 2016 жылдың наурыз айынан кешіктірмей өткізуді талап етіп, митингіге шықты, деп хабарлады ВВС агенттігі. Акцияның ұйымдастырушысы - DА (Demnitate si adevar) қоғамдық қозғалысы. Олар Молдавада "ғасыр ұрлығы" деген атпен танымал болған 3 коммерциялық банкпен биліктің үнсіз келісуімен ұрланды деп айтылатын 1 млрд еуроны қайтару мәселесін көтерді.

"DA" жетекшілері Ұлттық банк, Бас прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да орган басшыларының кетуін талап етіп отыр.

Ұйымдастырушылардың бағалауынша, Ұлы ұлттық жиналыс алаңына 100 мыңнан астам адам шықты. Бұл - 1990 жылдың басындағы қарсылық акциясынан бергі ірі шеру.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!