Түркия Президенті Еуроодақты сынады

Фотография -  Түркия Президенті Еуроодақты сынады

Түркия Президенті Еуроодақты сынап, аталмыш Одаққа мүше елдерді Жерорта теңізінің эмигранттардың қабірстанына айналуының себепкерлері деп атады.

256 0

Түркия Президенті Еуроодақты сынап, аталмыш Одаққа мүше елдерді  Жерорта теңізінің эмигранттардың қабірстанына айналуының себепкерлері деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Түркия Президенті Реджеп Тайып Эрдоған Түркия аумағындағы Жерорта теңізінің жағалауынан баланың мүрдесінің табылуына тоқталып: "Еуропалық мемлекеттер эмигранттарға көмектеспегендіктен олардың өлімі мен Жерорта теңізіне батып кетулеріне себеп болуда.  БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі аталмыш кеңеске тұрақты мүше болып кіретін мемлекеттердің мүдделеріне ғана сай әрекет етеді", - деді.

Өткен күндері тұрмыстарын жақсартамыз деген үмітпен Еуропаға бет алған эмигранттардың Жерорта теңізіне батып кетулеріне себеп болған бірнеше оқиға орын алды. Ащы оқиғалардың бірінде Түркияның Бодрум жағалауында 3 жасар кубалық баланың мүрдесі табылған болатын.            

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!