Ангела Меркель мигранттардың тоқтаусыз келуі Германияны өзгертеді деп ескертті

Фотография - Ангела Меркель мигранттардың тоқтаусыз келуі Германияны өзгертеді деп ескертті

Канцлер Ангела Меркель Еуропаға мигранттардың толассыз ағыны Германияны өзгертіп жіберетінін ескертті, деп жазады "ВВС" агенттігі.

273 0

Канцлер Ангела Меркель Еуропаға мигранттардың толассыз ағыны Германияны өзгертіп жіберетінін ескертті, деп жазады "ВВС" агенттігі. 

Канцлердің айтуынша, ГФР билігі босқындарға паналайтын орын дайындауды жеделдетіп, көмек үшін қосымша қаражат бөледі.
Алайда, Германия бұл проблеманы жалғыз өзі шеше алмайтынын айтқан канцлер ЕО-ға мүше мемлекеттерді осындай шаралар қолдануға шақырды.

Бұған дейін ГФР басшылығы босқындар мәселесіне 6 млрд. еуро бөлінетінін жариялаған. Жоспар бойынша елде шамамен 150 мың адамға арналған босқындар үшін жаңа лагерьлер салынады. Сондай-ақ, тілді меңгеру және мигранттарды біріктіру бағдарламаларына да қосымша қаражат бөлінбек.

Қосымша қаржыландыру бағдарламасы полиция қызметкерлері санының да 3 мың адамға көбеюін қарастырып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!