Пәкістанда 200-ден астам медресе жабылды

Фотография - Пәкістанда 200-ден астам медресе жабылды

Пәкістанда лаңкестікке қарсы күрес жанданып, 200-ден астам медресе жабылып қалды. Бұдан басқа, билік 211 діни мектептің есеп-шотын бекітіп тастаған.

419 0

Пәкістанда лаңкестікке қарсы күрес жанданып, 200-ден астам медресе жабылып қалды. Бұдан басқа, билік 211 діни мектептің есеп-шотын бекітіп тастаған, деп хабарлады 24.kz.

Олардың жалпы сомасы - 50 мың АҚШ доллары. Қаржы діни білім беретін оқу орындарының 32-сіне шет мемлекеттерден түсіп отырған. Пәкістан Ішкі істер министрлігінің ақпараты бойынша, бұл медреселер тиісті мемлекеттік тіркеуден өтпеген. Орталық банк барлық коммерциялық банктерге қара тізімге енген діни мектептердің есеп-шоттарын жабуға нұсқау берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!