Синдзо Абэ Жапония үкіметін тағы үш жыл басқаратын болды

Фотография - Синдзо Абэ Жапония үкіметін тағы үш жыл басқаратын болды

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Либералды-демократиялық партия басшысы болып қайта сайланды

243 0

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Либералды-демократиялық партия басшысы болып қайта сайланды, деп хабарлады "ВВС" агенттігі.  

Өзге үміткерлерден өтініш түспегендіктен, ол бұл қызметке автоматты түрде тағайындалды.

Үміткерлер өзге 20 депутаттың қолдауына ие болуы тиіс еді, деп жазды Ассошиэйтед пресс.

Осылайша, Синдзо Абэ партия лидері және Жапония премьер-министрі қызметінде тағы үш жылға қалды.

Абэ үкімет басына 2006 жылдың күзінде келген. Алайда бір жылдан кейін отставкаға кетті. 2012 жылы қайта партия тізгінін қолға алып, премьер-министр атанды.

Абэ - Дзюнъитииро Коидзумиден (2001 жылдан 2006 жылға дейін премьер-министр) кейінгі билікте екі жылдан астам отыра алған Жапония үкіметінің басшысы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!