Германия жыл сайын 500 мың босқынды қабылдауға уәде етті

Фотография - Германия жыл сайын 500 мың босқынды қабылдауға уәде етті

"Егер елге жыл сайын жарты миллион босқын келетін болса жағдайды бақылауда ұстай аламыз" деді Зигмар Габриэль журналистермен болған кездесуде.

355 0

 Германия жыл сайын 500 мың мигрантты қабылдауға қауқарлы деп мәлімдеді елдің вице-канцлері Зигмар Габриэль.

"Егер елге жыл сайын жарты миллион босқын келетін болса жағдайды бақылауда ұстай аламыз" деді Габриэль журналистермен болған кездесуде. Оның айтуынша, Германияның одан да көп мигрантты қабылдауға мүмкіндігі бар. Бірақ, елде бірқатар қиындықтар орын алуы мүмкін.

Вице-канцлердің пікірінше, тек Германия ғана емес, Еуроодақ елдерінің барлығы да босқындарды бөлісуге атсалысуы керек.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Ангела Меркель 800 мыңға жуық босқынның 2015 жылы Германиядан баспана сұрап келуі мүмкіндігін айтқан болатын. Ал, Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмерон мемлекеттен 20 мың босқынға орын тауып бере алатынын мәлімдеді. 

Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!