Цукерберг әлемдегі ең ықпалды адамдар рейтингінде көш бастап тұр

Фотография - Цукерберг әлемдегі ең ықпалды адамдар рейтингінде көш бастап тұр

Facebook әлеуметтік желісінің негізін салушы Марк Цукерберг әлемдегі ең ықпалды адамдар рейтингінде көш бастап тұр. Ол америкалық Vanity Fair журналы жариялаған рейтинг бойынша 2015 жылдың ең ықпалды адамы болып танылды.

233 0

Басылымның жазуынша, бұл таңғаларлық оқиға емес, себебі Facebook-тің негізін қалаушы Цукерберг бірнеше ірі БАҚ компанияларымен келісімшарт жасап, миллиардер болып үлгерген.

Сондай-ақ Цукерберг жер шарындағы  барлық адамдарды виртуальды өмірде біріктіруді жоспарлап отыр, деп жазады шетелдік БАҚ.  

"31 жастағы Марк Цукерберг  өзін тек  тамаша кәсіпкер ретінде ғана көрестіп қоймай, болашақта ең ірі корпоратив лидері бола алады, - деп санайды журнал редакторы Грейдон Картер.

Оның ойынша, Цукерберг Гарвард университеті жатақханасының кішкентай ғана бөлмесінде отырып-ақ, өз  бизнесін 240 млрд. доллар тұратын ірі компанияға айналдыра алуы оның әлеуметтік желі саласындағы жеткен жетістіктерінің алғашқы қадамы ғана. 

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!