"British Airways" компаниясы ұшағының қозғалтқышы Лас-Вегас әуежайында өртеніп кетті

Фотография - "British Airways" компаниясы ұшағының қозғалтқышы Лас-Вегас әуежайында өртеніп кетті

British Airways әуе компаниясы ұшағының қозғалтықышы Лас-Вегас қаласының әуежайынан ұшайын деп тұрған кезінде өртеніп, жолаушылардың барлығы дереу қауіпсіз орынға шығарылды.

333 0

British Airways әуе компаниясы ұшағының қозғалтықышы Лас-Вегас қаласының әуежайынан ұшайын деп тұрған кезінде өртеніп, жолаушылардың барлығы дереу қауіпсіз орынға шығарылды, деп хабарлады "ВВС" агенттігі. 

"Маккаран" халықаралық әуежайы өкілдерінің хабарлауынша, ұшақ бортында 159 адам, 13 экипаж мүшесі болған. Мамандар екі адамды жеңіл жарақаттарына байланысты емханаға жеткізді.

№2276 рейс Лондон қаласына бағыт алуы керек болған.

Әуежайдың "Твиттердегі" жеке парақшасында өрт сөндіріліп, ұшу-қону алаңының біреуі уақытша жабылғаны айтылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!