Австралия Сирия мен Ирактан тағы 12 мың босқынды қабылдайды

Фотография - Австралия Сирия мен Ирактан тағы 12 мың босқынды қабылдайды

Австралия Сирия мен Ирактағы қақтығыстардан зардап шеккен 12 мың босқынды қабылдайды, деді елдің премьер-министрі Тони Эбботт

119 0

Австралия Сирия мен Ирактағы қақтығыстардан зардап шеккен 12 мың босқынды қабылдайды, деді елдің премьер-министрі Тони Эбботт. 

Австралияның биыл мигранттарға қатысты жеңілдігі 13 750 адамға арналған.

Эбботтың сөзіне қарағанда, Иордания, Ливан және Түркияда уақытша пана тапқан әйелдер, балалар мен аз қамтылған жанұяларға ерекше көңіл бөлінеді, деп хабарлады Франс-пресс агенттігі.

Сонымен қатар, премьер Ирак пен Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының содырларымен күрес бойынша науқан ұзартылғанын жариялады.

«Бұл мәселені шешу Таяу Шығыстағы гуманитарлық дағдарысты шешуде ғана емес, сонымен қатар Австралия мен бүкіл әлемдегі қауіпті жою үшін маңызды», - деді Эббот.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!