Дағыстанда ауыл мешітінің имамын өлтірді

Фотография - Дағыстанда ауыл мешітінің имамын өлтірді

34 жастағы имам Магомед Хидиров таң намазына бара жатқанда бетперде киген екі белгісіз адам тапаншамен оған оқ атқан.

445 0

Дағыстандық Куруш ауылында сәрсенбі күні жергілікті мешіттің имамы өлтірілді, деп хабарлады "ВВС" агенттігі. 

34 жастағы имам Магомед Хидиров таң намазына бара жатқанда бетперде киген екі белгісіз адам тапаншамен оған оқ атқан.

"Жараланған ер адам оқиға орнында көз жұмды. Белгісіз тұлғалар ізін суытып кеткен", - делінген хабарламада.

Тергеу комитеті "адам өлтіру" және «заңсыз қару ұстау» баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!