Венгрия босқындардан қорғану үшін әскери жаттығулар өткізуде

Фотография - Венгрия босқындардан қорғану үшін әскери жаттығулар өткізуде

Венгрия әскері кеше ірі көлемде оқу-жаттығу жиындарын бастап кетті. Олар болашақта елдің оңтүстік шекарасын босқындардан қорғауға дайындалып жатыр

294 0

Венгрия әскері кеше ірі көлемде оқу-жаттығу жиындарын бастап кетті. Олар болашақта елдің оңтүстік шекарасын босқындардан қорғауға дайындалып жатыр. 

Венгрия билігі оңтүстік шепті күшейту үшін полицейлерге көмекке әскерилерді жіберуді жоспарлауда деп хабарлайды Рейтер агенттігі. Өйткені, осымен үшінші күн қатарынан мигранттар шекарадағы полиция тосқауылын бұзып, ел астанасына қарай беттеп жатыр.

Қазір Венгрия Сербиямен шекараға тікенді сым тартып жатыр. Елдің премьер-министрі Виктор Орбан шекрадан өту тәртібін күшейтетінін де мәлімдеді. Қыркүйек айында парламент босқындардың келуіне байланысты жаңа заң жобасына дауыс береді деп күтілуде.

Айта кетейік, Таяу Шығыс пен Африкадағы қақтығыстардан қашқан тұрғындар Еуропаға мыңдап ағылып келіп жатыр. Олардың басым бөлігі Венгрия арқылы Германияға өтуді көздейді. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!