Венгер журналисті босқынды құлатқаны үшін жұмыстан қуылды (Бейне)

Фотография - Венгер журналисті босқынды құлатқаны үшін жұмыстан қуылды (Бейне)

Венгрияның N1TV телеарнасының операторы Петра Ласло Сербиямен шекарадағы Реске лагерінде полициядан қашып келе жатқан босқынды шалып құлатқаны үшін қызметінен қуылды.

303 0

Венгрияның N1TV телеарнасының операторы Петра Ласло Сербиямен шекарадағы Реске лагерінде полициядан қашып келе жатқан босқынды шалып құлатқаны үшін қызметінен қуылды. Бұл туралы сәрсенбі күні Telegraph газеті хабарлады.

Журналист қыздың полициядан қашып келе жатқан, қолында баласы бар сириялық әйелдің жолына қалай аяғын тоса қойғаны неміс журналисі Стефан Рихтердің Twitter әлеуметтік желісіне салған видеосы арқылы заматында күллі әлемге тарап кете барды. Құр тарай салған жоқ, желі парақшасының ашық жолдары жер-жаһанның әр түкпірінен үн қатқан көрермендердің ашу-ызасы мен өкпе-ренішіне толып кетті. Қоғамдық талқылау бір ауыздан венгер журналист қызының әрекетін қатты айыптауға көшті.

Бұған телеарна басшылығы бірден мән беріп, шұғыл тиісті шешім қабылдады.

"N1TV телеарнасы қызметкерінің Реске босқындар лагеріндегі мінез-құлқы ешбір басқа сыймайтын нәрсе. Біз бұл оператормен еңбек қарым-қатынасын үздік және инцидент түйіні осымен шешілді деп есептейміз", – делінген телеарна басшылығының Facebook әлеуметтік желісіне жарияланған хабарламасында.

Басылым атап өткендей, N1TV телеарнасы антимиграциялық саясатты қолдайтын "Йоббик" әсіреоңшыл партиясына қарайды.

ras.kz

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!