Дания полициясы шекараны кесіп өткен босқындарға кедергі болмауды жөн тапты

Фотография - Дания полициясы шекараны кесіп өткен босқындарға кедергі болмауды жөн тапты

Соңғы есептеулер бойынша 6 қыркүйектен бері Дания шекарасын 3,2 мыңға жуық мигрант кесіп өткен.

322 0

Соңғы есептеулер бойынша 6 қыркүйектен бері Дания шекарасын 3,2 мыңға жуық мигрант кесіп өткен, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Дания құқық қорғау органдарының қызметкерлері босқындардың ел аумағы арқылы өзге елдерге өтуіне кедергі болмауды жөн тапты. Бұл туралы полиция таратқан хабарламада айтылған.

Хабарламада баяндалғандай, әдетте, шекараны кесіп өткендердің дені ел билігімен байланыс орнатудан қашқақтайды және Швеция мен өзге мемлекеттерге сапарын жалғастыруды қалайды. Ал бүгінде кәрі құрлық елдеріне пана іздеп, жер ауып келіп жатқан босқындар ағынын тоқтату үшін полиция қызметкерлерінің саны жеткіліксіз. Соңғы есептеулерге сәйкес, 6 қыркүйектен бері Дания шекарасын 3,2 мыңға жуық мигрант кесіп өткен.

"Біз Даниядан пана іздемеген және өзіміз қысқа мерзім ішінде жер аударып жібере алмайтын шетелдіктерді ұстап қала алмаймыз. Сондықтан оларға еркіндік беріп, өздері қалаған жаққа кетуге мүмкіндік беруден басқа амалымыз жоқ", - деп түсіндірді ұлттық полиция комиссары Йенс Хенрик Хойберг.

Дегенмен комиссар құқық қорғау органдары корольдікте тұрақтағысы келетіндерге қол ұшын созуға әзір екенін атап өтті.

Дания сәрсенбі күні Германиядан ағылған босқындар санының күрт артуынан қос ел арасында уақытша тоқтатылған теміржол қатынасын қайта жандандырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!