Тасбақалардың жүгіру жылдамдығында жаңа әлемдік рекорд орнатылды

Фотография - Тасбақалардың жүгіру жылдамдығында жаңа әлемдік рекорд орнатылды

Ұлыбританияда тұратын Берти әлемдегі ең жылдам жүретін тасбақа болып танылды.

322 0

Ұлыбританияда тұратын Берти әлемдегі ең жылдам жүретін тасбақа болып танылды. Гиннестің рекордтар кітабының ресми сайтында Бертидің бір сағатта бір шақырымға жуық жылдамдықты артқа тастағандығы туралы ақпарат пайда болды.

Бақылау өлшеуінің барысында Берти 19,59 секундта 5,48 метрден өтіп, секундына 0,28 метр жылдамдығын көрсетті. Оның иелері Джанин мен Марко Кальцини Англияның солтүстік шығысындағы Даремде ойын-сауық паркіне ие. Олардың Шелли есімді тағы бір тасбақасы бар, бірақ ол жылдамдыққа жүгіруде осалдық танытады.

Тасбақалардың жүру жылдамдығының бұған дейінгі рекорды 1971 жылы тіркеліп, сағатына 0,45 шақырымды құраған. Оны Ұлыбритания тасбақасы Чарли орнатқан болатын. 

Фото: guinnessworldrecords.com 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!