Флойд Мэйуэзер соңғы жекпе-жегі үшін $32 млн алады

Фотография - Флойд Мэйуэзер соңғы жекпе-жегі үшін $32 млн алады

Әйгілі кәсіпқой боксшы америкалық Флойд Мэйуэзер соңғы жекпе-жегі үшін кемі 32 миллион доллар алатын болады. Бұл туралы ESPN телеарнасы хабарлады.

347 0

Әйгілі кәсіпқой боксшы америкалық Флойд Мэйуэзер соңғы жекпе-жегі үшін кемі 32 миллион доллар алатын болады. Бұл туралы ESPN телеарнасы хабарлады.

Боксшының гонорарын телетрансляция мен билет сатылымынан түскен қаражат тағы өсіруі мүмкін. Аталған жекпе-жекте Мэйуэзер америкалық Андре Бертомен жұдырықтасады. Берто бұл кездесудің нәтижесіне қарамастан 4 миллион долларды қалтаға баспақ.

Жекпе-жекте екі бірдей чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Оның бірі - Бүкіләлемдік бокс ассоциациясының (WBA), екіншісі Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) белбеулері. Бокс кеші 12 қыркүйек күні Лас-Вегастағы MGM Grand кешенінде өтеді.

Америкалық БАҚ-тардың хабарлауынша, кездесу билеттеріне сұраныс тым төмен. Ал, Лас-Вегас қонақ үйлері бағаларын қымбаттатпапты. Сарапшылар мұны Мэйуэзердің ішпыстырарлық тәсілінен деп отыр.

Айта кетейік, кіші Флойд Мэйуэзердің жас ы38-де. Ол шаршы алаңда 48 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ал, 32 жастағы Берто 33 кездесудің тек 30-да жеңімпаз атанған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!