Блогер Instagram-ға салған суреті үшін 10 мың доллар сыйақы алды

Фотография - Блогер Instagram-ға салған суреті үшін 10 мың доллар сыйақы алды

Псковтық блогер Дмитрий Марков Getty Images атты америкалық фотоагентствадан 10 мың доллар сыйақы алды

379 0

Псковтық блогер Дмитрий Марков Getty Images атты америкалық фотоагентствадан 10 мың доллар сыйақы алды, деп хабарлайды Би-би-си.

Бұл грант Instagram әлеуметтік желісін адамдарға беймәлім жерлерді әлемге паш ету мақсатында қолданатын фотографтарды ынталандыру үшін ойлап табылған.

"2 жыл бұрын фотозаметка үшін аккаунт аштым. Ол кезде оның осынша танымал жобаға айналатынын білмедім. Бұл суреттерге мән берген барша адамдарға тек алғыс білдіремін, сіздердің назарларыңыз мені бұдан да көбірек сурет түсіруге ынталандырады. Бұл ынталандыруға қазіргі сәтте Гетти мен Инстаграмның қолдауы қосылып отыр", - дейді блогер.

Дмитрий Марков әр түрлі қалалар мен оның тұрғындарын түсіреді. Блогына 33 мыңдай адам тіркелген.

Time журналына берген сұхбатында ол жеңіп алған гранты түсірілім аясын кеңейтуге мүмкіндік беретінін айтқан. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!