Түркі кеңесінің 6-шы саммиті Шолпан Атада 2016 жылы өтеді

Фотография - Түркі кеңесінің 6-шы саммиті Шолпан Атада 2016 жылы өтеді

Түркі кеңесінің 6-шы саммиті Шолпан Атада 2016 жылы өтеді. Бүгін Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының бесінші саммитінің қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданды.

259 0

Түркі кеңесінің 6-шы саммиті Шолпан Атада 2016 жылы өтеді. Бүгін Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының бесінші саммитінің қорытындысы бойынша осындай шешім қабылданды.

Жиын барысында түркі мемлекеттер делегациясының басшылары Түркі ынтымақтастық кеңесінің қорытынды баяндамасына оң бағасын берді. Сонымен қатар, келесі жылы өтетін алтыншы саммиттің тақырыбы мен мерзімі де айқындалды. Осыған орай, Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаевтың ұсынысымен келер жылғы саммит "Түркі тілдес елдердің ұлттық ойындары" тақырыбы аясында өтетін болды. Басқосу Шолпан Атада келер жылғы тамыз айының соңғы онкүндігі немесе қыркүйек айының бастапқы онкүндігінде өтеді деп жоспарланып отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!