Меккеде кранның құлауынан 100-ден астам адам қазаға ұшырады

Фотография - Меккеде кранның құлауынан 100-ден астам адам қазаға ұшырады

Меккедегі Әл-Харам мешітінде құрылыс краны құлады. Сауд Арабиясы өкімет орындарының мәліметтері бойынша 107 адам қаза тапты, құрбандар саны арта түсуде

282 0

Меккедегі Әл-Харам мешітінде құрылыс краны құлады. Сауд Арабиясы өкімет орындарының мәліметтері бойынша 107 адам қаза тапты, құрбандар саны арта түсуде.

Ел азаматтық қорғаныс басқармасы Твиттерде хабарлағанындай, 230-дан астам адам зардап шеккен. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс жасауда, деп хабарлады Би-би-си.

Әлеуметтік желілерде жарияланған фотосуреттерде мешіттің төбесін тесіп өткен қызыл-ақ түсті кранның бір бөлігі көрінеді.

Кейбір суреттерде қайғылы оқиғаның көптеген құрбандарының денелері түсірілген, мешіт еденінде қан ағып жатыр.

Кран мешіттің шығыс бөлігіне қатты ждел мен жаңбырдың салдарынан құлаған.

Қазір Меккеде мұсылмандардың жыл сайынғы қажылық сапарына даярлық жүріп жатыр.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!