Америкалық боксшы Рой Джонс Ресей азаматтығын алды

Фотография - Америкалық боксшы Рой Джонс Ресей азаматтығын алды

Ресей Президенті Владимир Путин америкалық боксшы Рой Джонсқа Ресей азаматтығын беру туралы жарлыққа қол қойды

195 0

Ресей Президенті Владимир Путин америкалық боксшы Рой Джонсқа Ресей азаматтығын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Би-Би-Си.

Атақты америкалық боксшы, әлем чемпионы Рой Джонс осы жылдың тамыз  айында Ресей азаматтығын алу туралы өтініш білдірген еді.

"Мен ресейлік қоғамның белсенді мүшесі болғым келеді. Ресей азаматтығын алу екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік береді", - деді спортшы. Сондай-ақ ол өзінің бұл шешімінде ешқандай саясат жоқтығын, тек АҚШ пен Ресей арасындағы спорт пен мәдени байланысты дамытқысы келетінін айтты.

Боксшы өзінің ойын Владимир Путинге Севастопольдегі кездесуінде білдірген болатын. Путин болса оған көмектесетінін, тек кіші Рой Джонстың болашағы Ресеймен байланысты болу керектігін айтқан.

Айта кетейік, Джонс - төрт салмақ дәрежесі бойынша бокстан әлем чемпионы. Ол төрт салмақ бойынша чемпиондық белбеуді иеленген жалғыз боксшы. Джонс кәсіби рингте 62 рет жеңіске жетіп, 8 рет жеңілген.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!