Мексика президенті Мысыр билігінен туристер өлімін тыңғылықты тергеуді талап етті

Фотография - Мексика президенті Мысыр билігінен туристер өлімін тыңғылықты тергеуді талап етті

Мексика перзиденті Энрике Пенья Ньето Мысыр полицейлеріне өз отандастарын өлтіргені үшін айып тағатынын мәлімдеді

138 0

Мексика перзиденті Энрике Пенья Ньето Мысыр полицейлеріне өз отандастарын өлтіргені үшін айып тағатынын мәлімдеді, деп хабарлады «ВВС» агенттігі. 

Бұдан бұрын Мысырда қауіпсіздік күштері 12 адамды өлтіргені туралы хабарланған болатын. Оның ішінде Мексика туристері де бар. Полицейлер оларды содырлар деп ойлаған. 

Оқиға мексикалық туристер мінген төрт джип «тыйым салынған» аймаққа кірген кезде орын алды, атыс барысында кем дегенде тағы 10 адам жарақаттанды. 

Энрике Пенья Ньето зардап шеккен мексикалықтар мен олардың отбасына қажетті көмек көрсету үшін Мысырдағы өз елшіліктерінің қызметкерлері санын ұлғайтпақ.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!