"Талибан" Ауғанстан түрмесінен жүздеген адамды босатып жіберді

Фотография - "Талибан" Ауғанстан түрмесінен жүздеген адамды босатып жіберді

"Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның Газни қаласындағы түрмелердің біріне шабуыл жасап, іштегі тұтқындардың барлығын босатып жіберді

526 0

"Талибан" қозғалысының содырлары Ауғанстанның Газни қаласындағы түрмелердің біріне шабуыл жасап, іштегі тұтқындардың барлығын босатып жіберді деп хабарлайды BBC News. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қақтығыс барысында 4 күзетші өлтіріліп, 350-дей сотталушы түрмеден қашып кеткен. 

Провинция губернаторының орынбасары Мұхаммед Ахмадидің айтуынша, лаңкестердің бірі өзін түрме қақпасының алдында жарып жіберген. Мұнан кейін қалғандары қақпаны ашып, ішке басып кірген. Шенеуніктің айтуынша, содырлар ұйымдасқан түрде әрекет етіпті.

Бүгін таңертең орын алған осынау оқиғаны "Талибан" қозғалысының басшылары өз мойындарына алып отыр. Түрмеге шабуыл барысында лаңкестер тарапынан үш адамның көзі жойылған.

Абақтыдан нақты кімдердің және қайда қашқандығы туралы ақпарат жоқ. Ахмадидің айтуынша, содырларға іште жазасын өтеп жатқан сотталушылар сөз байласу арқылы алдын ала көмектескен. Тұтқындардың көпшілігі нашақорлар және ұсақ қылмыстармен айналысқандар дейді ол. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!