Шенген аймағына мүше елдер шекараға бақылау енгізіп жатыр

Фотография - Шенген аймағына мүше елдер шекараға бақылау енгізіп жатыр

Чехия билігі Австрия мен Германия арасында қатынайтын теміржол бағытының уақытша тоқтатылуымен мигранттар Германияға Чехия арқылы келетін болады деп алаңдаушылық білдіруде, деп хабарлайды ВВС.

293 0

Чехия билігі Австрия мен Германия арасында қатынайтын теміржол бағытының уақытша тоқтатылуымен мигранттар Германияға Чехия арқылы келетін болады деп алаңдаушылық білдіруде, деп хабарлайды ВВС.

Чехияның ішкі істер министрі Милан Хованец Австриямен арадағы шекарада шекаралық бақылау орнатылғанын мәлім етті және миграциялық дағдарыстың одан әрі өршу деңгейіне қарай тағы да қосымша шаралар қабылдануы мүмкін екенін ескерді.

Бұған дейін осындай шара қолданылатыны туралы Германияның ішкі істер министрі Томас де Мезьер де хабарлаған еді. Өйтпеген жағдайда, де Мезьердің айтуынша, Германия мигранттардың тасқынына төтеп бере алмай қалады.

"Бұл шаралардың басты мақсаты – Германияға келушілердің ағынын шектеп, мигранттардың келу процессіне қатысты мәселелерде тәртіп орнату", – деп түсіндірді германиялық ІІМ басшысы арнайы өткен баспасөз мәслихатында.

Бұл шаралар Шенген келісіміне қол қойған елдер арасында еркін-жүріп тұру сынды шарттарға қайшы келеді. Десе де, Шенген аумағына мүше елдер ішкі шекарада уақытша бақылау орнатуға құқылы.

Жексенбі күні Мюнхен қалалық билігі Таяу Шығыс және Африка елдерінен ағып жатқан мигранттардың ағынына әрең шыдас беріп жатқанын мәлім еткен еді.

Тек өткен сенбі күні Мюнхенге 13 мыңнан аса мигрант келген. Соның салдарынан Германияның Deutsche Bahn теміржол компаниясы Австриямен арадағы байланысты дүйсенбінің таңертеңіне дейін тоқтатуға мәжбүр болды.

Германияның вице-канцлері, сондай-ақ экономика министрі қызметін қоса атқаратын Зигмар Габриэль Германия жаңа мигранттар қабылдау қабілетінің шегіне жетуге аз-ақ қалғанын жариялады.

"Еуропаның мигранттар дағдарысын шешуге қабілетсіздігінің кесірінен Германияның өзі бар мүмкіндігінің шарықтау шегіне жетті, – деді Габриэль Tagesspiegel басылымына берген сұхбатында. – Мәселе, мигранттар санына ғана қатысты емес, сондай-ақ олардың келу жылдамдығы да жағдайды тым ушықтырып отыр".

bnews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!