Грекияда босқындар мінген кеме суға кетті

Фотография - Грекияда босқындар мінген кеме суға кетті

Грекияның Фармакониси аралының жағалауында босқындар мінген кеме суға кетті. Апат салдарынан 34 мигрант суға кетіп қаза тапты.

158 0

 Грекияның Фармакониси аралының жағалауында босқындар мінген кеме суға кетті. Апат салдарынан 34 мигрант суға кетіп қаза тапты, - деп хабарлайды 24.kz.

Марқұмдардың оннан астамы – балалар. Кемеде бас-аяғы жүзден астам жолаушы болған. Олардың 29-ы өз бетімен жағаға жүзіп жетсе, 68-ін құтқарушылар құтқарып алыпты. Қазір оқиға орнында іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр.

Құрбандар саны әлі де артуы мүмкін деген күдік бар. Апатқа нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Алдын ала мәлімет бойынша, болған жайға күн райының қолайсыздығы, не болмаса жолаушының шамадан тыс көп болғаны әсер етуі мүмкін.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!