Венгрия босқындарға қарсы жаңа шаралар қолданады

Фотография - Венгрия босқындарға қарсы жаңа шаралар қолданады

Венгрияда жаңа қабылданған заң аясында бүгіннен бастап полицейлер елге заңсыз кірген мигранттарды қамап тастай алады

155 0

Венгрияда жаңа қабылданған заң аясында бүгіннен бастап полицейлер елге заңсыз кірген мигранттарды қамап тастай алады деп жазады BBC News. 

Венгрия билігі бұдан былай елге Сербия арқылы рұқсатсыз келген мигранттарды қайта кері қайтаратынын мәлімдеп отыр. Өйткені, баспананы олар өзге елден сұрап қоюы мүмкін.

Ел билігі қабылдаған жаңа заңға сәйкес, Сербиямен шекараны заңсыз кесіп өткен немесе шекарада тартылған сымды бұзып өткен босқындар үш жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал, мигранттарды тасымалдаумен айналысып жүргендерді тіпті ауыр жаза күтеді.

Венгрия үкіметінің өкілдері аталған заң босқындар легін тоқтатуға көмегін тигізетініне сеніп отыр.

Қазіргі таңда полицейлер Сербиядан келетін темір жолды қатаң бақылауға алған. Әсіресе, Реске қаласындағы станция басты назарда. Темір жолдың маңы тікенді сыммен қоршалған. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!