Будулай рөлін сомдаған актер өмірден озды

Фотография - Будулай рөлін сомдаған актер өмірден озды

КСРО-ның халық әртісі көрермендердің ыстық ықыласына бөленген "Сыған" фильміндегі Будулай рөлінен кейін танымал болған Михай Волонтир Кишиневте республикалық клиникалық ауруханада 82 жасына қараған шағында дүниеден озды.

318 0

КСРО-ның халық әртісі көрермендердің ыстық ықыласына бөленген "Сыған" фильміндегі Будулай рөлінен кейін танымал болған Михай Волонтир Кишиневте республикалық клиникалық ауруханада 82 жасына қараған шағында дүниеден озды, деп хабарлады Lifenews.ru.

Ол бірнеше жылдан бері қант сусамырының ауыр түріне шалдығып, соңғы үш жылда жағдайы аса ауырлаған еді.

Еске салсақ, Анатолий Калининнің бір атаулы романының желісімен режиссер Александр Бланк түсірген "Сыған", "Будулайдың қайта оралуы" фильмдеріндегі Будулай рөлі  Волонтирді халықтың махаббатына бөледі. 1988 жылы ол КСРО халық әртісі атағын алды. Сондай-ақ ол молдава киносындағы XX ғасырдың үздік актері атағын алған, "Елдің көрнекті тұлғасы" сыйлығының иегері.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!