Венгрияның екі аймағында мигранттар ағыны салдарынан төтенше жағдай енгізілген

Фотография - Венгрияның екі аймағында мигранттар ағыны салдарынан төтенше жағдай енгізілген

Венгрия билігі елдің оңтүстігіндегі екі аймақта елге Сербия аумағы арқылы өтіп жатқан Таяу Шығыс мигранттары санының күрт көбеюіне байланысты төтенше жағдай енгізді.

146 0

Венгрия билігі елдің оңтүстігіндегі екі аймақта елге Сербия аумағы арқылы өтіп жатқан Таяу Шығыс мигранттары санының күрт көбеюіне байланысты төтенше жағдай енгізді.

Венгрия үкіметінің ресми өкілі полиция сол арқылы заңсыз көші-қонға қарсы күресте қосымша өкілеттілік алып, сондай-ақ әскерден көмек сұрай алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Би-би-си.

Өз кезегінде полиция шекарадан қоршаудағы тесіктер арқылы заңсыз өтпекші болып жүрген мигранттарды ұстауға кіріскенін мәлімдеп отыр.

Бұған дейін сейсенбі күні Венгрия билігі көші-қон заңнамасына босқындардың елде пана алуына құқықтарын шектейтін өзгерістерді бекітті. Енді Сербиядан келген мигранттардың өтініштері қарастырылмайды. 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!