30 қыркүйекте Палестина туы БҰҰ-да көтеріледі

Фотография - 30 қыркүйекте Палестина туы БҰҰ-да көтеріледі

30 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мінбесінен Палестина президенті Махмұд Аббас сөз сөйлейтін күні БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Палестина туы желбірейді.

173 0

30 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мінбесінен Палестина президенті Махмұд Аббас сөз сөйлейтін күні БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Палестина туы желбірейді. Бұл туралы журналистерге Палестина мемлекетінің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Рияд Мансұр мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.

Оның айтуынша, екі тутұғыр - Палестина мен Қасиетті Тақ үшін қазірдің өзінде БҰҰ кешені аумағындағы Даг Хаммаршельд атындағы кітапхана ғимаратының жанында орнатылған.

БҰҰ Бас Ассамблеясы 10 қыркүйекте Нью-Йорктегі Ұлттар Ұйымының штаб-пәтері аумағында бүкіләлемдік ұйым байқаушы мемлекеттерінің туын көтеру жөнінде қарар қабылдаған болатын. Қазір Палестина мен Ватикан осындай мәртебены иеленген.

Дегенмен, Палестинаның БҰҰ тұрақты мүшесі болуы әлі тұманды болып тұр. Ол үшін Қауіпсіздік кеңесінің ұсынбасын алуы тиіс. Қазіргі кезде Израильдің басты одақтасы  болып отырған және Қауіпсіздік кеңесінің кез келген шешіміне тосқауыл қою құқығына ие АҚШ-тың ұстанымынан әзірге оған қол жеткізу мүмкін болмай отыр.  

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!