Венгрия шекарасындағы мигранттар Хорватияға қарай бет алды

Фотография - Венгрия шекарасындағы мигранттар Хорватияға қарай бет алды

Германияға Венгрия арқылы өтпек болған мигранттардың шекарада тұрып қалғандығын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Қазір олар көздеген жеріне жету үшін Сербиядан Хорватияға қарай бет алды

191 0

Германияға Венгрия арқылы өтпек болған мигранттардың шекарада тұрып қалғандығын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Қазір олар көздеген жеріне жету үшін Сербиядан Хорватияға қарай бет алды. 

Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, автобустарға отырған босқындар Хорватиядан әрі Словения және Австрия арқылы Германияға жетуді жоспарлап отыр.

Кеше түнде жүздеген босқын Венгрия шекарасынан өте алмай, далада қонуға мәжбүр болған еді. Шығыс Еуроапада күннің салқындауына байланысты олар түні бойы от жағып шығуға мәжбүр болды.

Айта кетейік, күні кеше Венгрия билігі елге заңсыз кірген мигранттарға қарсы жаза қолданатынын мәлімдеген болатын. Мұнан кейін Сербиямен арадағы шекараға тікенді сым тартылды. Бұл кедергіні бұзып өткен мигранттар 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!