Обама қолдан сағат жасаған мектеп оқушысын Ақ үйге шақырды

Фотография - Обама қолдан сағат жасаған мектеп оқушысын Ақ үйге шақырды

АҚШ Президенті Барак Обама полицейлердің бомба деп ойлаған қолдан жасалған сағат үшін ұсталған 14 жасар жасөспірімді Ақ үйге шақырды.

285 0

АҚШ Президенті Барак Обама полицейлердің бомба деп ойлаған қолдан жасалған сағат үшін ұсталған 14 жасар жасөспірімді Ақ үйге шақырды. 

"Күшті сағат, Ахмед. Оны Ақ үйге әкелгің келе ме? Біз осындай балаларды ғылыммен айналысуға шабыттандыруымыз керек. Бұл Американы ұлы ететін дүние", - деп жазды Обама Твиттерде.

Бұған дейін сәрсенбі күні Америка БАҚ-тары Ирвинг қаласы (Техас штаты) полициясының мектепке қолдан жасаған электрондық сағатпен келген жасөспірімді қамауға алғанын хабарлады. Полицияны білім мекемесіне сағатты бомба деп ойлаған мектеп әкімшілігі шақырды.

Басылымның мәліметтерінше, тегі судандық Ахмет Мұхаммед бұл әрекетімен мұғалімдер мен сыныптастарын таңғалдырғысы келген.

"Мен ғылымды ұнатамын, бірақ қараторы болғанымнан, қауіп әкелетіндей көрінемін", - деп мойындады ұл бала британдық The Independent-ке. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!