Тәжікстандағы бүлікшіл генералдың мерт болғаны расталды

Фотография - Тәжікстандағы бүлікшіл генералдың мерт болғаны расталды

Тәжікстан күштік құрылымы елдің бұрынғы Қорғаныс министрі Әбдухалим Назарзоданың қазасы туралы ақпаратты ресми растады.

165 0

Тәжікстан күштік құрылымы елдің бұрынғы Қорғаныс министрі Әбдухалим Назарзоданың қазасы туралы ақпаратты ресми растады, деп хабарлады "ВВС" агенттігі. 

Тәжікстанның ІІМ мен Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметтерінше, бүлікшіл генерал Назарзода мен оның 11 жақтасы Рамит аңғарында өткен арнайы әскери іс-қимылдар барысында берілуден бас тартқан соң өлтірілді.

"Лаңкестер бой бермей қарсыласты. Қожа Халим Назарзоданың бандиттік тобының басшысы, қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Эшони Жунайдулло Омаров пен оның 10 сыбайласы өлтірілді", - делінген ІІМ-нің ресми хабарламасында.

Бұған дейін күш құрылымдары қызметкерлері Назарзоданың қарулы жақтастарымен Рамит аңғарындағы қақтығысы кезінде "Альфа" лаңкестікке қарсы бөлімшесінің командирі, полковник Рустам Амакиевтің, сондай-ақ арнайы тағайындалған милиция жасағы мен "Альфаның" үш қызметкері қаза болғаны белгілі болды.

Тәжікстан билігі Назарзода мен оның жақтастарын 4-6 қыркүйек күндері аралығында күш құрылымдары өкілдеріне қарсы жасаған бірқатар қарулы шабуылдары үшін айыптады. Бұл шабуылдардың салдарынан 20-дан астам адам қаза тапты. Оннан аса күдікті адам ұсталды.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!