Мұнайдың әлемдік бағасы өсіп келеді

Фотография - Мұнайдың әлемдік бағасы өсіп келеді

Мәскеу уақытымен сағат 08.45-тегі деректер бойынша, солтүстіктеңіздік Brent қоспасының қараша айындағы фьючерстерінің құны 0,20%-ға, барреліне 49,85 долларға дейін көтерілді.

176 0

"Қара алтынның" әлемдік бағасы біртіндеп өсіп келеді. Бұған сауда-саттық мәліметтері дәлел, деп хабарлайды gazeta.ru.

Мәскеу уақытымен сағат 08.45-тегі деректер бойынша, солтүстіктеңіздік Brent қоспасының қараша айындағы фьючерстерінің құны 0,20%-ға, барреліне 49,85 долларға дейін көтерілді.

Ал WTI маркалы жеңіл мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы 0,15%-ға, барреліне 47,22 долларға дейін өсті.

Сәрсенбі, 16 қыркүйекте мұнайдың әлемдік бағасы соңғы жеті айдағы ең төменгі көрсеткіштен кейін бірден 6%-ға шарықтап кеткен болатын.

"Қара алтынның" қымбаттауына АҚШ Федеральды резервінің пайыздық мөлшерлемені көтеру немесе сол күйінде қалдыруға қатысты жасайтын мәлімдемесі әсер еткен.

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!