Үндістандық қария Тәж Махалдың көшірмесін жасап шықты

Фотография - Үндістандық қария Тәж Махалдың көшірмесін жасап шықты

Үндістанның Файзул Хасан Квадри есімді тұрғыны әйгілі Тәж Махалдың көшірмесін өз қолымен жасап шықты

163 0

Үндістанның Файзул Хасан Квадри есімді тұрғыны әйгілі Тәж Махалдың көшірмесін өз қолымен жасап шықты. 80 жастағы зейнеткер жұмысты соңына дейін жеткізу үшін 170 мың долларға жуық қаражатын жұмсаған.  

Аградағы Тәж Махалдың авторы Жаһан шаһ секілді Хасан Квадри де осынау зәулім ғимаратты өзінің қайтыс болған сүйікті жарына арнаған екен. Екеуі 53 жыл отасқаннан кейін әйелі сырқаттанып қайтыс болған.

Зәулім ғимаратты салуға қарияның 3 жылы кетіпті. Бұл уақыт аралығында ол ғимараттың биіктігін 8 метрге дейін жеткізген. Алайда, қаржылық қиындықтарға байланысты түпнұсқадағыдай етіп нысанның сыртын ажарлай алмапты.

Квадри бастапқы жұмыстарға қажетті 92 мың долларды табу үшін өзінің жер телімін сатқан. Ал, қалған 23 мыңды қайтыс болған жарының әшекейлерін саудалау арқылы тауыпты.

Оның айтуынша, енді тек ғимараттың сыртын әрлеп, аулаға әдемі саябақ орнату ғана қалды. Ол үшін 100 мың доллардай қаражат қажет.

"Адамдар маған ақшалай көмек ұсынды, алайда, мен одан бас тарттым. Бұл менің әйеліме деген құрметім, сондықтан оны өз күшіммен аяқтауға тиіспін" - деді Квадри.

Айта кетейік, тарихтағы ең әдемі сәулет нысандарының бірі саналатын Тәж Махалдың құрылысы 20 жылға созылған. Оны Жаһан шах қайтыс болған жұбайы Мұмтаз Махалға арнап салдырған.

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!