Суданда ірі апаттан 170 адам көз жұмды

Фотография - Суданда ірі апаттан 170 адам көз жұмды

Дереккөздің мәліметінше, автоцистерна аударылып қалғаннан кейін оның ішіндегі жанармайды адамдар өзге цистернаға құйып алмақ болған

154 0

Суданда автоцистернаның жарылуы салдарынан кемі 170 адам қаза тапты деп хабарлайды BBC News ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дереккөздің мәліметінше, автоцистерна аударылып қалғаннан кейін оның ішіндегі жанармайды адамдар өзге цистернаға құйып алмақ болған. Осы сәтте ұшқын пайда болып, жарылыс орын алыпты. Апаттың нақты себептері әлі белгісіз. Президент баспасөз қызметі мұны ешқандай лаңкестік оқиғаға қатысы жоқ, тек қайғылы оқиға екенін айтып отыр.

Белгілі болғаны, сұйық отын артқан көлік Джуба қаласынан шығып, Мариди қаласында аударылып қалған. Цистернада болған жанармайды сол маңдағы тұрғындар тазалаған, қайтыс болғандар да сол адамдар.

Айта кету керек, Суданда мұндай апаттар жиі орын алып отырады. Мемлекеттегі экономикалық жағдайдың тым ауыр болуынан елдімекендер арасында асфальтталған жолдар жоқ. Салдарынан, жанармай таситын көліктер жиі ауадырылып қалады.

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!