Фукусима жағалауында алып мутант балық ұсталды

Фотография - Фукусима жағалауында алып мутант балық ұсталды

Жапондық Хиросака есімді балықшы Хоккайдо аралынан нағыз теңіз алыбын ұстай алды.

556 0

Жапондық Хиросака есімді балықшы Хоккайдо аралынан нағыз теңіз алыбын ұстай алды. Фотосуретте балықшының қолында үлкен балықты әзер ұстап тұрғаны көрініп тұр, деп хабарлайды Daily Mail.

Ол өте әсерлі көрінеді. Сарапшылар суретте көлемі өскен өте үлкен зубатка балығы екеніне сенімді болып отыр.

Балықшының ауына түскен балықтың ұзындығы шамамен екі метр. Оның мекендеу орны Тынық және Атлант мұхиттары. Балық шаяндар және ұлулармен қоректенеді. Орташа алғанда оның көлемі бір метрден аспайды.

Жергілікті тұрғындардың пікірінше, Фукусимадағы апат балықтар таралымына, сондай-ақ гендердің өзгерісіне үлкен әсер етуі мүмкін. Ядролық стансадағы апат 2011 жылы орын алған.

Жапон балықшылары балықтың көлемін апатпен байланыстырды, себебі Припять қаласының мамандары да алып тіршілік иелерін анықтаған. 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!