Mercedes мінген мас дін қызметшісін артынан қуып, жаға жыртысып ұстауға тура келді

Фотография - Mercedes мінген мас дін қызметшісін артынан қуып, жаға жыртысып ұстауға тура келді

Ресейдегі ең үлкен отбасының отағасы, Орынбор облысындағы Киелі Троицк мейірімділік шіркеуінің аға діни қызметшісі Николай Стремский мас күйінде полициямен жарысқандай күй кешті.

469 0

Ресейдегі ең үлкен отбасының отағасы, Орынбор облысындағы Киелі Троицк мейірімділік шіркеуінің  аға діни қызметшісі Николай Стремский мас күйінде полициямен жарысқандай күй кешті.

Тәртіп сақшылары "Тұраққа қоюға тыйым салынған" белгісі орнатылған жердің қасында тұрған Mercedes көлігіна назар аударған. Жүргізушіден құжаттарды көрсетуді сұрағанда, ол көлігін орнынан қозғап, қаша жөнелді.

Автомобиль Киелі Троицк мейірімділік шіркеуінің аумағында ұсталды. Алкогольдік мас белгілері болған жүргізуші ұстау кезінде қарсылық танытып, полицейлерді итеріп, олардан тағы қашпақ болған. Күш қолдануына тура келген полицейлер дін қызметшісінің қолын байлап, бөлімге жеткізді. Қазіргі кезде іс материалдары сотқа жіберілген.

Николай Стремскийдің өзге де бірнеше діни қызметтері бар. Ол сондай-ақ Орынбор епархиялық діни училищенің ректоры және православиелік жалпы білім беру гимназиясының директоры болып табылады. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!