Венесуэла ұшағы Колумбиямен шекарада апатқа ұшырады

Фотография - Венесуэла ұшағы Колумбиямен шекарада апатқа ұшырады

Венесуэлалық жойғыш ұшақ Колумбиямен шекарада апатқа ұшырап, екі ұшқыштың қаза тапқанын ел президенті Николас Мадуро растады

126 0

Венесуэлалық жойғыш ұшақ Колумбиямен шекарада апатқа ұшырап, екі ұшқыштың қаза тапқанын ел президенті Николас Мадуро растады, деп хабарлайды Би-би-си.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, жойғыш ұшақ Венесуэла әуе кеңістігіне енген ұшақты аңдуға Колумбиямен шекаралас аймаққа аттанған.

Әскери ведомство басшысы Владимир Падрино Лопес апат орын алған өңір арқылы есірткі контрабандасының жолы өтетінін айтқан.

Тамыз айында Венесуэла Колумбиямен шекарадағы бірнеше бөлікті жапқан және осы жерлерде төтенше жағдай жариялаған болатын. Бұған контрабандашылардың үш әскери қызметкерді атып, жаралауы себеп болған еді.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!