Ауғанстанда "Ислам мемлекетінің" бес содырының көзі жойылды

Фотография - Ауғанстанда "Ислам мемлекетінің" бес содырының көзі жойылды

Ауғандық Нангархар провинциясында АҚШ-тың ұшқышсыз ұшатын аппаратының соққысынан "Ислам мемлекеті" радикалдық ұйымының бес мүшесі қаза тапты.

157 0

Ауғандық Нангархар  провинциясында АҚШ-тың ұшқышсыз ұшатын аппаратының соққысынан "Ислам мемлекеті" радикалдық ұйымының бес мүшесі қаза тапты.

Нангархар провинциясы полициясының басшысы Хазрат Хуссейн Машрикивал батыс коалициясының авиасоққысын растап, лаңкестерге қарсы шабуыл Назиан ауданында бейсенбі кешке жасалғанын мәлімдеді.

Бұдан басқа Ауғанстанның үкіметтік әскері "Фархат-Герат" тас жолында сегіз талибті өлтіріп, 18 адамды жарақаттады.

Полиция деректеріне сүйенсек, көзі жойылған талибтердің арасында жергілікті командир Зендани деген біреу бар. Шабуыл бейсенбі кешке басталып, жұма таңертеңге дейін жалғасты. Қақтығыс барысында ауған әскерінің екі сарбазы өлтіріліп, төртеуі жарақаттанды. "Талибан" қозғалысы болған оқиға жайлы түсінік бермеді.

 

ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!