Ұшқышсыз аппарат Жапонияның көне қорғандарының біріне құлады

Фотография - Ұшқышсыз аппарат Жапонияның көне қорғандарының біріне құлады

Елдің ұлттық қазыналарының қатарына және дүниежүзілік "ЮНЕСКО" мұрасына кіретін Жапонияның ежелгі қорғандарының бірі Химэдзиге ұшқышсыз ұшу аппараты құлады.

221 0

Елдің ұлттық қазыналарының қатарына және дүниежүзілік "ЮНЕСКО" мұрасына кіретін Жапонияның ежелгі қорғандарының бірі Химэдзиге ұшқышсыз ұшу аппараты құлады.
Оны қорғанның бас мұнарасындағы бесінші қабат шатырынан күзет қызметкерлері тапты.

Жапония полициясы аппаратты кім іске қосқанын анықтауға тырысуда.

Тамыздың соңында Жапония парламенті ел қалаларының халық тығыз орналасқан аудандарының үстінен ұшқышсыз аппаратты ұшыруға тыйым салған авиация туралы заңға түзетулерді мақұлдаған болатын.

Заңды қатаңдатуға сәуір айының соңында орын алған оқиға себеп болған.

Ол кезде дрон Токио орталығындағы Жапония премьер-министрі резиденциясының шатырына қонған еді.

Құлааған аппаратқа түтіндеу құтысы мен "Фукусима-1" АЭС апатты аймағынан әлсіз радиоактивті құммен пластикалық шиша бекітілген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!