Тәж Махалда селфи жасамаққа әрекеттенген жапон турисі ажал құшты

Фотография - Тәж Махалда селфи жасамаққа әрекеттенген жапон турисі ажал құшты

Жапониялық турист Үндістандағы Тәж Махал кесенесінің баспалдағында селфи жасамаққа әрекеттенген кезінде құлап, бас жарақатынан қаза тапқан.

547 0

Жапониялық турист Үндістандағы Тәж Махал кесенесінің баспалдағында селфи жасамаққа әрекеттенген кезінде құлап,  бас жарақатынан қаза тапқан. Бұл туралы сенбі күні BBC News хабарлады.

Полицияның мәлімдеуінше, турист баспен құлаған кезде есінен танып қалған. Ол ауруханада көз жұмды. Қайғылы оқиға кезінде жанында үш серігі болған.

Тәж Махал кесенесі Жамуна өзенінің алабынан жоғары жатқан кереметтей, жарқыраған, ғажайып ғимарат.   Үнді сәулет өнерінің тамаша үлгісі ғана емес, бүкіл жер жүзінің мақтанышына айналған, әлемдегі жеті кереметтің бірі. Күн сайын оны көруге 12 мың адам келеді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!