ИСИМ содырлары Сирияның 56 сарбазын ату жазасына кесті

Фотография - ИСИМ содырлары Сирияның 56 сарбазын ату жазасына кесті

ИСИМ лаңкестері Идлиб қаласында Сирияның 56 жауынгерін ату жазасына кесіп, халықты үрейлендіру үшін суреттерді ғаламторда жариялады.

387 0

ИСИМ лаңкестері Идлиб қаласында Сирияның 56 жауынгерін ату жазасына кесіп, халықты үрейлендіру үшін суреттерді ғаламторда жариялады, деп хабарлайды Vesti.ru.
Қазір Сирия әскерлері стратегиялық маңызды нысандар мен әуежайды өз бақылауына алу үшін шабуылды үсті-үстіне үдетіп жатыр. Үкімет әскері содырлардың қосындарын әуеден атқылап, артиллериясын қырып жіберген болатын.
Әскери қақтығыстар Латакия портында да жүріп жатыр. Бүгінге дейін бұл аймақта 80 лаңкес пен 8 бронды техниканың көзі жойылды. Жалпы, соңы тәуліктер ішінде Сирия әскерилері әуеден 130 рет шабуыл жасады.
 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!