АҚШ алдағы 2 жылда 100 мың босқынға есігін ашады

Фотография - АҚШ алдағы 2 жылда 100 мың босқынға есігін ашады

АҚШ 2016 жылы 85 мың босқынды қабылдауға дайын. Ал, 2017 жылы тағы 15 мың мигрантқа баспана береміз деді елдің мемлекеттік хатшысы Джон Керри Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен болған кездесу барысында

162 0

АҚШ 2016 жылы 85 мың босқынды қабылдауға дайын. Ал, 2017 жылы тағы 15 мың мигрантқа баспана береміз деді елдің мемлекеттік хатшысы Джон Керри Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен болған кездесу барысында. Бұл жайында Reuters агенттігі хабарлап отыр. 

Екіжақты әңгіме барысында Керри нақты қай елге қанша квота беретіндігін айтқан жоқ. Дегенмен, Таяу Шығыстағы проблеманы шешу үшін қолдан келгенді жасауға әзір екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Ақ үйдің бұрынғы шенеуніктері Барак Обамаға 100 мың босқынды қабылдау керектігін айтып, ұсыныспен шыққан болатын. Оларды Таяу Шығыстан тасымалдау үшін 2 миллиард доллар қажет. Ал, Обама болса 10 қыркүйек күні 10 мың мигрантқа квота беруге келісімін берді.

Сирияда азаматтық соғыс басталғалы бері 4,5 жылда АҚШ-қа 1,5 мың босқын келіп қоныстанған. Ал, жыл басынан бері Еуроодақшекарасын барлығы 500 мыңнан астам мигрант кесіп өткен. Алдағы екі жылда олардың саны тағы 850 мыңға артады деген болжам бар. 

 

baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!